"30 секунд сөйлестік". Бишімбаевтың сотында шымкенттік балгер жауап берді
Оның мас екенін біліп, қоңырауды көтермеген едім. Бишімбаевтың кезекті сот отырысында шымкенттік балгер жауап беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова балгерден сол түні не болғанын сұрады.
Ол (еск-Бишімбаев) бірдеңені білгісі келсе үнемі "мынаны қараңызшы" деп жүгінетін. Уақыты есімде жоқ, ол маған қоңырау шалды. Мен бос емес болсам да, қоңырауды алдым. Ол маған "біз Салтанатпен көп ішіп, төбелесіп қалдық" деді. Қателеспесем, сағат 15:00- 16:00 қарай ғой деймін. Мен мұны шынайы деп қабылдаған жоқпын. Оған "мен не істеймін енді" дедім. Өйткені мас екенін бірден түсіндім. Оған жедел жәрдем шақыру керегін айттым. Ол "жоқ, сіз қараңызшы" деді. Біздің сөйлескенімізге көп болса 30 секундтай ғана уақыт болды, – деді куәгер.
Кеше Бишімбаев басқа VIP бөлмеде кездескен Гүлнар Насырбекова сотқа куәгер ретінде келген еді.
Сондай-ақ ресейлік психолог қос тарапқа қандай сеанс жүргізгені белгілі болды.