200 млн теңге өндірілді: Атырауда алимент төлемеген 154 адам жауапқа тартылды
Атырау облысының прокуратурасы алимент бойынша берешекті өндіріп алу шараларын күшейтті.
Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін 138 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды, тағы 16 жағдайда іс қылмыстық қудалауға дейін жетті. Жауапқа тартылғандар арасында жолаушы тасымалымен айналысқан, букмекерлік кеңселерде ставка жасаған және мүлкі болса да алимент төлеуден жалтарған адамдар бар, – делінген Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарламасында.
Сот шешімдерінің орындалуына қол жеткізуге міндетті тұлғалардан да сұралуда. Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 90 сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралар елеулі нәтиже берді – 200 миллион теңгеден астам берешек өндіріліп, қаражатты 1 400-ден астам бала алды, – делінген Прокуратура ақпаратында.
Прокуратура алимент төлеу міндеті ата-аналардың тұрғылықты жеріне қарамастан сақталатынын және баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталғанын түсіндіреді.
Алимент берешегін өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Тағы оқи отырыңыз:
Баласына бермеген 19 миллиард: Алиментті төлемегеннен қалай өндіріп аламыз?
Алименттен жалтарғандар жауапқа тартылды: Балаларға 37 млн теңге өндірілді
4 млн теңгені бәс тігуге жұмсаған: БҚО-да алимент төлемеген борышкер жазаланды