Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуратурасы балалардың пайдасына 37 млн теңге алимент өндірді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.
Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті прокурорлық шаралар қабылдады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 22 борышкер әкімшілік, 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар балалардың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Прокуратура алимент бойынша берешекті өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Тағы оқи отырыңыз: Баласына бермеген 19 миллиард: Алиментті төлемегеннен қалай өндіріп аламыз?