200-ге жуық қызметкер жалақысыз қалған: Қызылордада мұғалімдердің ақшасы қайтарылды
Қызылордада қызметкерлерге 177,5 млн теңге жалақы берешегі төленді. Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда қаласының прокуратурасы жеке мектептің 190 қызметкеріне жалақы бойынша 142 млн теңгені құрайтын берешекті толық өтетуге қол жеткізді.
Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төленетін ақшаның уақтылы әрі толық төленбеу фактілерін анықтады.
Соның салдарынан білім беру ұйымының 190 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқан.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде азаматтардың бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды. Нәтижесінде 142 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді. Жалпы, осы жылдың өткен кезеңінде Қызылорда қаласының прокуратурасы 1 998 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғап, 177,5 млн теңге өндіріп алды, - деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жұмысшыларға жүздеген миллион теңге жалақы қарызы қайтарылды.
Тағы оқи отырыңыз:
СҚО-да бюджет ақшасын жымқырған әкімдік бухгалтерлеріне сот үкімі шықты
Қазақстанда жалақысы 300 мың теңгеден асатын қызметкерлер саны артты
Қазақстанда 16-24 жас аралығындағы қызметкерлердің жалақысы өсті
Өз шотына миллиондар аударған: Қазалыда балабақша есепшісіне қатысты тергеу басталды