– 16°С-қа дейін аяз: Алдағы үш күнде өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады
2026 жылғы 12-14 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжады.
Бірқатар өңірде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ құбылыстары болжанады. Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, - деп жазылған синоптиктердің хаьарламасында.
Ауа температурасы:
-
Батыста: түнде 2-9 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 8-17 градус жылы болады.
-
Солтүстікте: түнде 2-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
-
Орталықта және шығыста: түнде 5-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
-
Оңтүстікте: түнде 1-8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-12 градус жылыға дейін жоғарылайды.
-
Оңтүстік-шығыста: түнде 3-8 градус, таулы аудандарда 11-16 градус аяз болады. Күндіз 2-10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-6 градус аяз болады.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады.
Сондай-ақ, қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалатыны хабарланды.