"100% кіріс береміз": Takorp қаржы пирамидасына 117 адам алданған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Пирамида 100% кіріс уәде етіп, азаматтардың ақшасын USDT арқылы тартқан. 117 адам қатысқан, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.

Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе («VIP-1» – «VIP-6») қолданылған. Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған, - делінген ҚМА хабарламасында.

Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген.

Нәтижесінде «Takorp» пирамидасына 117 қатысушы тартылылған. Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды. Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп хабарлады ҚМА.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы