-
Алматыда жастарға арналған бос жұмыс жәрмеңкесі өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Өз жолыңды таңда» атты бос жұмыс фестивалі бірінші кезекте жас мамандарға арналған, алайда бұл күні жұмыссыз жүрген барлық адам жұмыс берушімен тікелей жүздесе алады.
05.04.2022
-
Алматыда «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекеттік орталық музейі «Наурыз нақыштары» атты қазақ мәдениеті мен дәстүрлі ұлттық өнерінің фестивалін өткізді.
31.03.2022
-
Аймақтарда су проблемасымен айналысатын жас мамандар жетіспейді – зерттеуші
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандағы ауызсу проблемасы және оны шешу жолдары» тақырыбында өткен конференцияда PhD докторы, су қауіпсіздігін зерттеуші Жания Хайбуллина аймақтардағы ауызсу проблемасын шешуге жастар қалай ықпал ете алатынын айтты.
31.03.2022
-
Рамазан айын Алматы мешіттерінде атап өтудің арнайы жобасы бекітілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте айтты.
30.03.2022
-
Қазақстан тәуелсіз аудиторлардың жолын кесіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Аудиторлар алқасы баспасөз жиынын өткізіп, елімізде тәуелсіз аудиторларлар қалмай бара жатқанын айтып, дабыл қақты.
30.03.2022
-
Қаңтар оқиғасы бойынша азаматтар әлі де арыз-шағыммен келіп жатыр – «Ақиқат» комиссиясы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақиқат» азаматтық комиссиясының төрайымы Айман Омарова Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде Қанды қаңтар оқиғасы бойынша азаматтар әлі де арыз-шағыммен жүгініп жатқанын айтты.
30.03.2022
-
Алматыда болған дауыл салдарынан 20-дан астам автокөлікті ағаш басып қалды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қатты дауыл тұрып, арты жаңбыр мен қарға ұласты. Дауыл салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады.
29.03.2022
-
Алматы облысында «Рамазан қоржыны» таратылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Айлардың сұлтаны – Рамазан ағымдағы жылы 2 сәуірде басталады. ҚМДБ мен Өзбекстан, Қырғыстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, Рамазан айы 2 сәуірден басталады деген ортақ шешімге келген.
29.03.2022
-
Қазақстан мұнайына санкция салынбайды – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Каспий құбыр желісі концорциумындағы апат ел бюджетіне әсер етпейді. Бұл туралы экономист Айдархан Құсаинов «Ресей әскерінің Украинаға басып кіруінің Қазақстан үшін экономикалық салдары» тақырыбында өткен пікірталаста айтты.
29.03.2022
-
Доллар бағасы өскелі құрылыс нысандары 15%-ға қымбаттады – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Доллар бағамы өскен соң көптеген құрылыс компаниялары ертең материал қымбаттайды деп бағаны көтеріп қойды. Біздің есептеуіміз бойынша баға 15 пайызға дейін қымбаттады. Қаражаттан қысылған кейбір компаниялар салған құрылысын бұрынғы бағамен сатып жатыр. Бірақ бұған дейінгі бағалары да жоғары еді, соны ұстап отыр. Бұл туралы Қазақстан біріккен риэлторлар қауымдастығы кеңесінің мүшесі Орынбасар Сатаев пікір білдіру кезінде айтты.
29.03.2022
-
Украинаға деп жинаған гуманитарлық көмек қаржысына ешкім қол сұққан жоқ – бастамашыл топ
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Украинаға гуманитарлық көмек жинауды қолға алған «Ел болашағы» азаматтық бастамашыл тобы бүгін баспасөз жиынын өткізіп, халықтан түскен қаржыға қол сұқпағандарын мәлімдеді.
28.03.2022
-
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік орталық музейінде «Бабалар аманаты» жобасы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ғасыр толғауы» атты республикалық көрме ашылды.
25.03.2022
-
Қапшағайды көркейту жөнінде бас жоспар әзірленді - әкім
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының орталығы болайын деп жатқан Қапшағай қаласын көркейтуде қандай істер атқарылады? Қапшағайдағы казинолар басқа қалаға көшіріле ме? Туристерді тартудағы қаланың әлеуеті қандай? Қалаға Қонаевтың атын беруге тұрғындар қалай қарайды? Осы және өзге де сұрақтарға Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жауап берді.
24.03.2022
-
Қапшағайда республикалық деңгейде бәйге өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз мейрамына орай Қапшағайға қарасты Қосқұдық ауылында бәйге өтті. Оған еліміздің бірнеше өңірінен келген бәйге жылқылар қатысты.
22.03.2022
-
Халықаралық орман күніне орай Алматыда ағаш отырғызу маусымы басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Наурыз мерекесі мен Халықаралық Орман күніне орай баспасөз турын өткізді.
21.03.2022
-
Алматыда «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты митинг өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда бүгін, 19 наурызда Ш. Уәлиханов ескерткіші алдында «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» тақырыбында бейбіт шеру ұйымдастырылды.
19.03.2022
-
Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестиваль-концерті ұйымдастырылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Алматы Арена» стадионында студент жастарға арналған ауқымды концерттік бағдарлама өтіп жатыр.
18.03.2022
-
Коронавирус. Алматыда иммундық қабат қай деңгейде екені айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қаладағы эпидахуал жайлы баяндады.
18.03.2022
-
Алматыда су басудың 15 фактісі тіркелді - ТЖД
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы су басу ахуалының алдын алу үшін аудан әкімдіктері, мердігерлік ұйымдардың күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді және 13 700 дана инертті материалдар дайындалды.
18.03.2022
-
Алматыда шектеу шаралары жеңілдетілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мен елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов ӨКҚ алаңында өткен брифингте айты.
18.03.2022