Халықаралық орман күніне орай Алматыда ағаш отырғызу маусымы басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Наурыз мерекесі мен Халықаралық Орман күніне орай баспасөз турын өткізді.

Іс-шарада «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, зертхана жұмыстары көрсетіледі. Сондай-ақ, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін  интерактивті картамен таныстырылды.

Жиын барысында БАҚ өкілдері Алматы маңында екі жыл бұрын ашылған Междуречинск орман бағында ағаш отырғызды.

Аумағы 16  гектарды алып жатқан бақта қара сексеуіл мен ұсақ жапырақты қара ағаштың тұқымы өсіріледі.

Ағаштар алдымен комитеттің зертханасында өсіріледі, кейін жылыжайға жіберіліп сонда айналаға бейімделеді. 

 

Одан шыққан соң селекциялық орталыққа әкеліп отырғызады. Осы жерде екі жылдай өсірілген соң басқа елдімекендерге жіберіледі екен.

Президенттің 2 млр ағаш отырғызу тапсырмасы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің орталықтың материалдық, техникалық жағы  екінші жыл Орман шаруашылығында пайдаланылып келеді. Биыл 400 мыңға жуық қара ағашты отырғызу материалын бердік. Тұқымбақтың басты міндеті орман шаруашылығын ағашпен  қамтамасыз ету,-дейді орталықтың басшысы Ғани Тұрықбаев.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы