-
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 3 сапердің жағдайы ауыр – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы оқ-дәрінің жарылысынан кейін 10 адам жарақаттанды, оның 3-еуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Ерлан Ермекбаев үкімет отырысынан кейін айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты жазды.
23.09.2019
-
Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімінің өкімімен Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы болып Баян Қоңырбаев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23.09.2019
-
Қазақстанда рұқсат етілмеген митингке шыққан қанша адам жазаланды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шыққан 100 шақты адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.
23.09.2019
-
Шамалғандағы апат: 5 жасар бүлдіршін есін жиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шамалғандағы пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен бүлдіршін арнайы аппараттардан ажыратылып, палатаға ауыстырылды, деп хабарлады Almaty.tv.
23.09.2019
-
ҚазҰУ ректоры UNION қауымдастығының президенті болып сайланды
Алматы, BAQ.KZ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов UNION Халықаралық университеттер ассоциациясының президенті болып сайланды.
23.09.2019
-
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының медалі таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйек күні Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.
23.09.2019
-
Нығматулин мен Андрей Данко ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Словак Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесіп, мемлекетаралық, соның ішінде, парламентаралық әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылады.
23.09.2019
-
Қорғаста ойын автоматы бар зал табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру барысында Қорғас ШЫХО сауда үйлерінің бірінен ойын залының қызметін жүзеге асыру фактісін анықталды.
23.09.2019
-
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
23.09.2019
-
Нұр-Сұлтанда «Stop туберкулез!» акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін «Stop туберкулез!» атты ауқымды қалалық акция өткізеді.
23.09.2019
-
Жеңіс Қасымбек балалар ауруханасын салуды талап етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмысқа кірісті. Өңір басшысы облыс орталығының мәселелері шешімін күтіп отырған барлық орындарға барып қайтты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23.09.2019
-
5 шақырым жүгіріп өтпек болған әйел аяғынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның Дербишир графствосының тұрғыны қайырымдылық марафонына қатыспақ болады. Алайда, диабетке шалдыққан әйел аяқ астынан аяғынан айырылып қалады.
23.09.2019
-
Қырғызстандық 4 мыңға жуық бағалы телефонды заңсыз алып кірмек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы тауарына ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады.
23.09.2019
-
Ем қабылдап жүргенде қандай азық-түліктен бас тартқан дұрыс?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрген науқас өзінің тамақ рационын қадағалап, дәрімен сәйкес келмейтін азық-түлік түрлерімен тамақтанбағаны дұрыс.
23.09.2019
-
Жапонияда 30 адам тайфуннан зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тапа тайфуны Окинава және Кюсю аралдарына көп шығын әкелді.
23.09.2019
-
Өзбекстан ШЫҰ саммитін өткізу үшін 25 млн доллар бөлді
Алматы, BAQ.KZ. Өзбекстанның қайта құру және даму қоры 2022 жылы Самарқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге 25 млн долларды жылдық 2 пайызбен бес жылға несиеге берді. Бұл туралы Lex.uz сайты хабарлады.
23.09.2019
-
Джеки Чан #Abai175 челленджін жалғастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған #Abai175 флешмобына қатысып, өз үлесін қосты.
23.09.2019
-
Ұлттық спорт түрлерінен V фестивалі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының V фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
23.09.2019
-
Лондон мен Брюссель брексит бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания мен Еуропалық одақ брексит бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті, деп хабарлады 24.kz.
23.09.2019
-
Түркістанда ерекше өнер фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандағы "Арбат" алаңында "Мейірім шуағы" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шара өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
23.09.2019