Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының медалі таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйек күні Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

Дүниежүзілік біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық нақышта өрнектелген медальдармен марапатталады. 

"25-29 қыркүйек күндері өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 64 елден 500-ге жуық  жас татами шеберлері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрамасынан аталмыш додада ел намысын 32 дзюдошы қорғайды", - делінген хабарламада. 

Жарыс күн сайын сағат 10:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жарысқа кіру тегін.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы