-
Головкиннің бапкері келісімшартты бұзуының себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері америкалық Абель Санчеспен қарым-қатынасын үзгені жайлы Instagram-дағы парақшасында жариялаған болатын.
25.04.2019
-
Нығматулин: Елбасының еуразиялық бастамасы әлемдік деңгейде зор әлеуетке ие
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілісте Палата cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.
25.04.2019
-
Шығыс жекпе-жегінің шеберлері елордада тегін сабақтар өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үздік шеберлер Дүниежүзілік тайцзи-цюань және цигун күніне орай ашық шеберлік сағатын өткізеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
25.04.2019
-
Қазақстан мен Түркия арасында сауда айналымы артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 10 миллиард АҚШ долларына жетуі тиіс. Екі елдің 2017-2020 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасында осындай меже белгіленген. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.
25.04.2019
-
«Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының чемпионы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петров Кубогының финалдық сериясында қарағандылықтар түмендік «Рубин» командасын 4-1 есебімен жеңді. 24 сәуірде өткен соңғы матчта «Сарыарқа» сапында Артур Сарваров, Эмиль Нұрғалиев, Олег Ломако және Максим Кицын шайба соқты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
25.04.2019
-
2018 жылы Қазақстан мен ҚХР арасында тауар айналымы 900 тоннаға жеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға артып келеді. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
25.04.2019
-
Ақтөбеде аудандардағы көпбалалы аналар да баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету үшін аудандарда да үй салынады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
25.04.2019
-
Отандық велошабандоздар бір күнде 3 алтынды еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы үшінші алтынды жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
25.04.2019
-
Елордада Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклі сахналанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26-27 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласының Номад театрында У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінің премьерасы өтеді.
25.04.2019
-
Алтын мен күмістің бағасы арзандайды – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ. Сарапшы осы жылдың II тоқсанында алтын мен күмістің бағасы арзандайды деген болдам жасады, деп жазады LS басылымы.
24.04.2019
-
Түркістанда шаруаларды қолдайтын сауда үйі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістанда аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев алғаш рет кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
24.04.2019
-
Елімізде паллиативтік көмекті қажет ететін науқастар саны 27 мыңнан асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда паллиативтік көмекті қажет ететін пациенттер саны 27 мыңнан асып жығылады. Алайда, аталған көмекпен айықпас дертке шалдыққан науқастардың жартысы ғана қамтылып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау сарапшысы Марат Мамаев мәлімдеді.
24.04.2019
-
Ақтауда 800 адам бір-біріне кітап сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуір – Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күніне орай, Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті. Іс-шара барысында 800-ден астам оқырман бір-біріне кітап сыйлады. Бұл туралы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.
24.04.2019
-
Теміртаулық оқушылар экскурсия жүргізетін робот құрастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда KazRoboProject-2019 ғылыми-техникалық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Қатысушылар «Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбындағы жұмыстарын ұсынды. Жеңімпаздар ақтық сайысқа өтіп, бас жүлде үшін бақ таластыратын болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
24.04.2019
-
Хоккейден Әлем чемпионатындағы ел құрамасының тұмары белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бірінші дивизиондағы бойтұмары "Барыс" есімді қар барысы болады. Бұл туралы SPORTINFORM ақпарат агенттігі хабарлады.
24.04.2019
-
Елбасы кітапханасында президенттік институт қызметінің өзекті мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ұйымдастыруымен «Президенттік институт – мемлекеттілікті нығайтудың факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі мәлім етті.
24.04.2019
-
Сапарбаев: 3 жылда кемінде 1 млн 100 мың жұмыс орнын ашу көзделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады.
24.04.2019
-
Тоқаев Ұлттық банктің 2018 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Б.Сағынтаев, Президенттің көмекшісі Т.Сүлейменов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев, Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов қатысты.
24.04.2019
-
Нұротандық депутаттар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Nur Otan партиясы Фракциясының Төралқасы өтті. Онда депутаттар-Фракция мүшелері Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
24.04.2019
-
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
24.04.2019