-
Еңбек министрі азаматтарды онлайн қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды онлайн түрде қабылдады. Үш сағаттық қабылдау барысында ведомство басшысы 12 азаматтың мәселелерін қарады.
02.07.2021
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
02.07.2021
-
Ерлан Қарин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Karin Erlan жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
02.07.2021
-
Әкімшілік құқық бұзушылық және рейдерлік: Президент қос заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
02.07.2021
-
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясының екінші кезеңі аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін республикалық «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ІІ кезеңінің марапаттау рәсімі өтті.
02.07.2021
-
Astana Finance Days: Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Қазақстанда Төртінші өнеркәсіптік революцияның Аффилденген орталығын іске қосты.
02.07.2021
-
Путин Елбасына Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару үшін көмек беретінін айтты
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 30 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саясаткерлер Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару мәселесін де талқылады, деп жазды ҚазАқпарат.
02.07.2021
-
Олимпиада шыңы мыңдаған жасты спортпен шұғылдануға шабыттандырады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
02.07.2021
-
Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханыммен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
02.07.2021
-
Елорда тұрғындары дәрігерлерге алғыс ретінде үлкен «жүрек» тоқып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой тоқымашылар Нұр-Сұлтанда «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Елордалық амфитеатрда олар тоқуды қалайтындар үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлерге алғыс ретінде үлкен «жүрек» тоқып шықты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
02.07.2021
-
Атырауда ауыр салмақты жүк көліктеріне тексеру жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Атырау облыстық көлік бақылау инспекциясының бірлескен жоспар негізінде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жазғы мезгілде ауыр салмақты автокөліктердің жол жүру тәртібі бақыланды.
02.07.2021
-
Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды қазан айында аяқтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Алтын Орда» базары маңындағы көлік айрығы – «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 16-19 км учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты.
02.07.2021
-
Тоғжанов вакцинация паспортын қолдан жасаушыларды анықтау жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
02.07.2021
-
Мамин жыл соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын аяқтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді.
02.07.2021
-
Өз өнімдеріңізді реестрге енгізуге өтінім жолдаңыздар – Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында ғана ІТ саланы қолдау мәселелері мен бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарымыз жайлы талқылаған едік. Осы нарық үшін тағы бір жақсы жаңалық бар, деп жазды Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.
02.07.2021
-
Astana Finance Days: Гендерлік алшақтықты жою
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Finance Days аясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған форум өтті.
02.07.2021
-
Президентке банктердің ақша-кредит шарттарын қатаңдатуға көшу үрдісі жайында айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
02.07.2021
-
Елордалық Темір Спатаев мас-рестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда мас-рестлингтен әлем чемпионаты өтті. Оған елордалық Темір Спатаев әлем кубогының бірінші кезеңіне шақырту алып, жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
02.07.2021
-
Вакцинация қаншалықты баяу болса, вирус соғұрлым тез мутацияланады – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вирус мутацияға жиі ұшырайды, яғни жаңа жағдайларға тез бейімделеді. Сондықтан коронавирустың әрбір жаңа мутациясы оны күшейтеді, деп санайды медицина ғылымдарының кандидаты, ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетінің эпидемиология және медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев.
02.07.2021
-
Президент Протокол қызметінің бастығы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Президент Протокол қызметінің бастығын тағайындады.
02.07.2021