-
Сәтбаевта кішкентай қызды зорлау ісі бойынша үкім шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында алқабилер сотымен Сәтбаев қаласында жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және зорлау фактісі бойынша үкім жарияланды (ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі, 106-бабының 2-бөлігінің 3,5,11-тармақтары).
21.06.2021
-
Астронавтар ашық ғарышта күн батареясын бұрды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Шейн Кимбро мен француздық астронавт Тома Песке ХҒС бортында ашық ғарышқа шығуларын аяқтады. Олар жаңа күн батареясын анықтаған деп хабарлайды NASA-ның баспасөз қызметі.
21.06.2021
-
Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 24 маусымда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
21.06.2021
-
Жамбылдық полицейлер күш құрылымдары арасындағы жарыста күміс жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясының құрылғанына 29 жыл толуына орай «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысының күш құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өтті.
21.06.2021
-
Қостанай облысында өртенген шөпті сөндірмек болған әйел қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Лисаковск қаласында денесі күйіп қалған әйел табылды.
21.06.2021
-
Әзербайжан Арменияға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді ұсынды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Әзербайжан Армениямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін ұсыныс жасады. Бұл туралы Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов айтты деп хабарлайды Lenta.ru.
21.06.2021
-
Елордада «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Тәуелсіздік — алтын тұғырымыз» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
21.06.2021
-
Елордада 100 адамға арнап үйлену тойын өткізген мейрамхана анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада шектеу шараларын елемей отырған кәсіпкерлік нысандары әлі де бар. Мониторинг кезінде 100 адамға арнап өтіп жатқан той анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
21.06.2021
-
Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда техникалық ақау салдарынан троллейбустен түтін шықты.
21.06.2021
-
Ялтада қалың нөсерден бір жылға жететін су қоры жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымда екі күн бойы толассыз құйған нөсер салдарынан бес айлық жаңбыр мөлшері бір-ақ жауған. Осылайша, Ялтаның су қоймасына бір жылдық су қоры жиналды, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты.
21.06.2021
-
Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.
21.06.2021
-
Алматыда журналистерге арналған байқаудың қорытындысы шықты
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров БАҚ арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әрі мегаполистің дамуын жариялау тақырыбындағы байқау жеңімпаздарына жүлделерді тапсырды. Тапсыру рәсімі елімізде 28 маусымда атап өтілетін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында өтті.
21.06.2021
-
Токио Олимпиадасында алғаш рет COVID-19 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында Уганда құрамасынан коронавирус тіркелген. Бұл туралы NHK хабарлады.
21.06.2021
-
Адамдық парызымды орындадым – субұрқақта тоқ соққан жандарды құтқарған Абылай осылай дейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда субұрқақтың жанында тоқ соққан адамдарды құтқарған Абылай Балапанов Қазнеттің жұлдызына айналды. Tengrinews.kz құтқарушы жігітті тауып, оны әңгімеге тартқан.
21.06.2021
-
Парижде қазақстандық жас дарындардың жұмыстары көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Франциядағы Қазақстан елшілігінде мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтар суреттерінің «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ұйымдастырылды.
21.06.2021
-
Топ болып қыз зорлаған ер адам 7 жылдан кейін ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топпен бірге зорлық жасап, сот төрелігінен жасырынып жүрген күдіктіні ұстады.
21.06.2021
-
Азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуал: Жұманғарин Тоқаевқа есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады.
21.06.2021
-
Вакцина паспортында құрылғыларды іске қосатын QR код бары рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинация паспорттарында «ақылды» құрылғыларды іске қосатын QR код бар. Желіде бұл кодтарсыз гаджеттерді пайдалану немесе көлікті оталдыру мүмкін болмайды екен ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
21.06.2021
-
Зейнетақы заңнамасына түзету енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зейнетақы заңнамасына жаңа түзетулер әзірлеу туралы БАҚ-та таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
21.06.2021
-
ШҚО-дағы жағалауларды құтқарушы иттер күзете бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су жағалауларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметке құтқарушылардан бөлек, арнайы үйретілген иттер де жұмылдырылады.
21.06.2021