-
Бір стақан арақ вакцинаны ағзадан шығарады деген ақпарат қаншалықты рас?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық вакцинацияға қарсы адамдар «мәжбүрлі» түрде екпе салдырған жағдайда препаратты арақпен немесе спиртпен шығаруды ұсынады. Олар бұл әдіспен мессенджерлердің топтық чаттарында бөлісуде.
01.07.2021
-
«Экспорттық акселерация» бағдарламасының екінші жиынтығы басталды – Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Экспорттық акселерация» бағдарламасы экспортқа өз жолын енді бастаған немесе белгілі бір нарық немесе нақты сатып алушы үшін жұмыс істей отырып, өнім көлемін арттырғысы келетін шағын және орта бизнес үшін қызықты және өте пайдалы, деп жазды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.
01.07.2021
-
Тоқаев Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуге қатысты заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
01.07.2021
-
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Азамат Мұхамедчинов тағайындалды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оның кәсіби тәжірибесіне тоқталып, жұмысына табыс тіледі.
01.07.2021
-
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте елордада коронавирусты жұқтырудың 800-ден астам жағдайы тіркелді. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы себепті карантин тағы да күшейтіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
01.07.2021
-
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 1 шілдедегі жағдай бойынша індет жұқтырған 74 306 жағдай тіркелген, оның 57 841-і симптомды және 16 465-і симптомсыз, анықталмаған пневмония –1 993-ті құрайды.
01.07.2021
-
Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесі отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президентінің бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасы Ұйымның БҰҰ тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл мүмкіндігін кеңейтетініне сенімді.
01.07.2021
-
Алматыда ПТР тестілері жоқ 32 шетелдік депортацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мегаполистің Халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
01.07.2021
-
Көптеген депутаттық сауалдарыма «үйреншікті сырғытпа» жауаптар алдым – Күрішбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатқа келгеніме тура 10 ай болыпты. Депутат ретінде атқарылған жұмыстың қысқаша «background» есебін бергім келеді. Осы уақыт ішінде 119 заң жобасын қарауға қатыстым. Олардың мақсаты - қоғамды демократияландыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту, экономиканы дамыту, пандемия жағдайында халықты әлеуметтік қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, экологияны қорғау деп жазды Ақылбек Күрішбаев Facebook-тегі парақшасында.
01.07.2021
-
Елбасының сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеде сағат 20:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі.
01.07.2021
-
Аманияз Ержанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды.
01.07.2021
-
Қазақстан мен Үндістанның Қарулы Күштері білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов пен Үндістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас штабының бастығы генерал М. Нараване телефон арқылы сөйлесті.
01.07.2021
-
Елорданың көшпелі бригадалары еңбек ұжымдарын қалай вакцинациялайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарын КВИ-ге қарсы вакцинациялау қарқыны артып келеді.
01.07.2021
-
Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
01.07.2021
-
Алматы облысында ер адам Шарын өзеніне ағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдеде сағат 11.15-те «112» пультіне Алматы облысының Кеген ауданында 1984 жылы туған ер адамды Шарын өзенінің ағыны алып кетті.
01.07.2021
-
Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
01.07.2021
-
Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты: жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда спорт шеберлігіне үміткер қыздар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылды деп хабарлайды Olympic.kz.
01.07.2021
-
Жыл басынан бері 50 мыңға жуық адам қашықтан жұмыссыз мәртебесін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың басынан бастап Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz порталы арқылы онлайн форматта халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін алу мүмкіндігін 56 мыңнан астам адам пайдаланды.
01.07.2021
-
Электрондық шот-фактураны жазып беруден кім босатылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қандай кәсіпкерлік субъектілері электрондық шот-фактураны жазып беруден босатылатыны туралы айтып берді. Жаңашылдықтар 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.
01.07.2021
-
Президент «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды.
01.07.2021