Бұл туралы Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясында қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа заңның ішіне қоғамдық телеарна мен БАҚ жайлы бап болу қажет.
Енді баптарға келейік, 5-бапта тіл деген бар. Мемлекеттік тілдегі теле-радиолардың апталық таралуы басқа тілдегі теле-радиодан кем болмауы тиіс делінген. Сонда қазақ тіліндегі хабарлар басқаларымен бірдей таратылса болды ма? Неге олардікінен басым болмайды? Сосын журналистердің тірлігі Ақпарат министрлігіне тірелмейді. Басқа да өңірлік, әлеуметтік, құқықтық, т.б министрліктерге келіп тіреледі. Сол себептен Үкіметтің рөлін осы жерде жазу керек. Бюджеттің ашықтығын айтып жазу керек. Газет-журналдарды қосымша құн салығынан босату жайлы Айдос Сарым да атап өтті. Қашан бізде қоғамдық телевизия болады. Барлық мемлекеттік телеарна, БАҚ Үкіметтің аузына қарап қалған. Министр не айтады, Үкімет не айтады, яғни оған сын айтуға болмайды. Сондықтан, меніңше, қоғамдық телеведениеден бастау керек. Осы заңның ішіне сондай бапты қосып, қоғамдық телеарна ашсақ, Жаңа Қазақстанның ең үлкен бренді сол болар еді, - деді ол.