Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дональд Трамп Мексика билігі шекарадағы мәселені бір күнде шешеді деп есептейді.
Егер Мексика билігі АҚШ-қа заңсыз миграциялауды доғармаса, америкалық компаниялар Мексика территориясынан шығып, Құрама Штаттарға қайтады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-інде жазды.
Америка басшысының айтуынша, Мексика америка-мексикалық шекарадағы миграциялық проблеманы талқылау үшін кішігірім делегацияны жібереді.
«Мәселе мынада: олар 25 жылдан бері «сөйлеп келеді». Біз сөз емес, іске көшкіміз келеді. Олар қаласа шекаралық мәселені бір күнде шеше алады. Олай болмаған жағдайда біздің компаниялар мен жұмыс орындарымыз АҚШ-қа қайтады», - деп жазды Трамп.