Америкалық боксшы Головкиннің келесі жекпе-жегіне болжам жасады

13 Қаңтар 2022, 18:37
1405
Бөлісу:
Америкалық боксшы Головкиннің келесі жекпе-жегіне болжам жасады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Америкалық боксшы Джошуа Конли орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Муратаның жекпе-жегіне болжам жасады.

Бұл туралы  Sports.kz хабарлады.

Еске сала кетерлігі, Головкин мен Мурата өткен жылдың 29 желтоқсанында WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін жұдырықтасуы керек еді, алайда олардың айқасы 2022 жылдың көктеміне шегерілді.

Мен GGG лагерінен бір-екі апта бұрын ғана оралдым. Оның жекпе-жегі кейінге шегеріліп, бәріміз үйге қайттық. Мен онымен екі апта спаринг өткіздім.  Ол әлі жақсы бабында деп айта аламын. Жапонияда Риота Муратамен де спаринг өткіздім.  Қайсысының соққысы қаттырақ десек, ол Геннадийде. Кімнің  қорғанысы мен аяқ қимылы жақсы дейтін болсақ, бұл жайлы ештеңе айта алмаймын. GGG – ақылды боксшы, айланы көп қолданады.  Муратаның қолдары жылдамырақ, бірақ күш жағынан GGG мүлдем басқа деңгейде. Менің ойымша, Головкин оны оңай жеңеді, – деді Конли ESNews-ке.

Өзгелердің жаңалығы