Америкалық кәсіпкер итіне өсиет етіп 5 млн доллар қалдырған

13 Ақпан 2021, 17:40
2847
Бөлісу:
Америкалық кәсіпкер итіне өсиет етіп 5 млн доллар қалдырған

Алматы, BAQ.KZ. Теннесси штатында тұрған кәсіпкер Билл Доррис өлер алдында өзінің сүйікті итіне 5 млн долларды өсиет етіп қалдырған. 

Associated Press басылымының ақпаратына сүйенсек, қомақты қаржыға ие болған бордер-колли текті иттің аты Лулу.

Өсиет бойынша ақша Лулудың атына берілген сенімгерге аударылуы керек.

8 жастағы итке марқұмның танысы Марта Бертон қарайды. Кәсіпкер бұрын қаладан кеткен кезде бордер-колли текті итін оған қарауға тастап кетіп отырған.

Лулуға қарағаны үшін оған да айлық жалақы қарастырылған. 

Бертонның айтуынша, кәсіпкердің әйелі, балалары болмаған. Ол итін қатты жақсы көрген. Әйел кәсіпкер өсиет етіп қалдырған ақшаны Лулу екеуі жұмсап үлгермейтінін айтты, бірақ тауысуға тырысамыз деп қалжыңдады.

Өзгелердің жаңалығы