Америкадағы әр қазақтың қазақша сөйлеуге мүмкіндігі бар - Жұлдызай Исмаилова
Америкадағы әр қазақтың қазақша сөйлеуге мүмкіндігі бар - Жұлдызай Исмаилова
<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше АҚШ-тың Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды. Жалпы, бәрі неден басталды? қазақ мектебі қалай ашылды? Оқу форматы қалай жүреді? Қандай пәндер оқытылады? Қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова сұхбатында айтып берді.</p>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше АҚШ-тың Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды. Жалпы, бәрі неден басталды? Қазақ мектебі қалай ашылды? Оқу форматы қалай жүреді? Қандай пәндер оқытылады? Қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова сұхбатында айтып берді.
- Америкада қазақ тілінде үйрететін оқу ордасын ашуға қалай қол жеткіздіңіздер?
Америкада біраз мемлекеттердің өз тілдері мен салт-дәстүрлерін үйрететін мектептер бар. Мәселен, АҚШ-та дүниеге келген ұлт өкілі өз ана тілінде білім алуға мүмкіншілігі бар. Мені де осы сұрақ қатты толғандырды. Біздің де қаракөздерімізге арналған білім ордасы болса екен деп армандадым. АҚШ-та дүниеге келген қазақстандық ата-аналардың да көкейінде жүрген мәселе де осы еді. Қазір Аллаға шүкір оған қол жеткіздік.
- Мұғалімдер жеткілікті ме? Оқу қандай форматта ұйымдастырылмақ?
Әрине, әзірге Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Әнұран жаттату, Құран сүрелері, мақал-мәтелдер жаттату, Қазақтың ұлттық аспаптарынан құралған Ансамбль, домбыра сабақтары, ұлттық би пәндері оқытылуда. Оқу офлайн форматта жүргізілуде. Мектепте мұғалімдеріміз жеткілікті. Мұнда 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады. Шағын білім ордасы болғандықтан мұнда оқуды бітірген оқушылар сертификат алып шығады.
Жұлдызай Исмаилова – биыл Нью-Джерси штатында 600 адамның басын қосқан, тұңғыш рет АҚШ-та кең көлемде аталып өткен Америка қазақтарының Наурыз мерекесін ұйымдастырушылардың бірі. Өткен жылы Жұлдыз Исмаилованың ұйымдастыруымен АҚШ-тағы қазақтар Наурыз мерекесі мен Конституция күнін Филадельфия қаласында атап өткен болатын.