Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Америкада торнадо дауылы соғып, 20 мыңдай ғимарат жарықсыз қалды

30 Сәуір 2022, 17:11
2734
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкадағы Канзас штатында торнадо дауылы соқты. Бұл туралы Russian Today агенттігі хабарлады. 

Табиғи апат Андовер қаласында орын алған. Кем дегенде 12 адам зардап шеккені айтылды. Қаза болғандар туралы әзірге мәлімет жоқ. 

Сондай-ақ торнадо салдарынан 100-деген үйге зиян келген. 20 мыңдай ғимарат жарықсыз қалды делініп отыр. 

Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай режимін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы