Амандық Баталов қызметінен босатылды

24 Қараша 2021, 11:09
919
Бөлісу:
Амандық Баталов қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді, - деп жазды Прзиденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Амандық Баталов 1952 жылы Өзбек КСР Нүкісте дүниеге келген. 

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. 

1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық. 

1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы. 

1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы. 

1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман. 

1991-1992 жылдары - Президент аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті.

1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті. 

1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.

1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі. 

1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі. 

2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 

2008 жылдан Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

2014 жылдың тамыз айынан бер Алматы облысының әкімі болды.

Өзгелердің жаңалығы