AMANAT партиясының мүшелері Қостанайға көмекке барады – Қошанов

4 Қыркүйек 2022, 00:37
1608
Бөлісу:
AMANAT партиясының мүшелері Қостанайға көмекке барады – Қошанов

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желіде жазды.

Қадірлі отандастар! Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат баршамызды алаңдатып отыр. Жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Ертең партия мүшелері мен «Жастар Рухы» қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады, – деді Парламент Мәжілісінің төрағасы.

Бұдан бөлек таңертеңнен бастап «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады.

Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Ерлан Қошанов.

Өзгелердің жаңалығы