Amanat партиясы Президент сайлауына үміткер ұсына ма? Қошанов жауап берді

7 Қыркүйек 2022, 14:30
3120
Бөлісу:
Amanat партиясы Президент сайлауына үміткер ұсына ма? Қошанов жауап берді
Фото: автордан

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілісті жалпы отырысының кулуарында айтты,деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Amanat партиясы партиясы өз кандидатурасын ұсынады. Мен биылғы және бұдан  кейінгі сайлауға қатыспайтынымды ресми мәлімдеймін.Бірақ мен сайлауға қатысатын лайықты кандидатураны қолдаймын. Оны бүгін өздеріңіз де сеніп тұрған шығарсыздар. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Мен сол кісінің кандидатурасын келесі сайлауға баратын болса қолдаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы  Amanat партиясынан бара ма, басқа ұйымнан бара ма? Оны Президент өзі шешеді. Ал Amanat партиясы кезінде Президенттің қоғамдық тірегі екенін жариялады. Сондықтан біз Президентті әрқашан қолдаймыз, - деді Қошанов. 

Айта кетейік, Президент биылғы Жолдауында Президенттің сайлауы кезектен тыс күзде өтетінін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы