«Аманат» комиссиясының мүшелері: Оқиғаға саяси баға бере алмаймыз

11 Ақпан 2022, 12:11
1753
Бөлісу:
«Аманат» комиссиясының мүшелері: Оқиғаға саяси баға бере алмаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан журналистерге арналған брифингте айтты. 

Бізге билік тарапынан жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Сондықтан мен саяси сұрақтарға саяси баға беру дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі біздің алдымызда әлі де қызметімізге мұқтаж жандар бар. Сондықтан дәл қазір саяси баға беруді дұрыс емес деп есептеймін. Одан да мен нақты отырған азаматтарға көмек қолын созып, оларға көмектескен дұрыс деп есептеймін, - деді Абзал Құспан. 

Өз кезегінде комиссия мүшесі Мәди Мырзағараев қазір баласы, күйеуі, әкесі қамауда отырған жандар қоғамның көмегіне зәру екенін айтты.

Сондықтан бұл жерде «Кім кінәлі?», «Кімнің қатесі?» деп дауласып отырғаннан гөрі оларға көмек көрсеткен әлдеқайда пайдалы. Даудамайға тарих жауап береді. Оған саяси баға беріледі, халық баға береді. Оның мәселесі шешіледі. Алайда қазір кезек күттірмейтін мәселе – қамауда отырған, жазықсыз кетіп қалмасын деген жастарға көмек көрсету, - деді ол. 

Ал комиссияның тағы бір мүшесі Уайс Ерсайынұлы қазір кінәліні іздеу емес, қалай әрекет ету маңыздырақ екенін жеткізді. 

Қазір кінәлілерді іздеп отыра берсек болмас, онсыз да сарапшы көп. Біз нақты істермен айналысып жатқан комиссиямыз. Қоғам бұл мәселеге қатысты жауапты өздері тауып алады, - деді Ерсайынұлы.

Өзгелердің жаңалығы