«АЛЖИР» музейінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алды

4 Мамыр 2022, 17:10
2214
Бөлісу:
«АЛЖИР» музейінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Тағылымды іс-шара түркі әдебиетінің ірі өкілі, Әзербайжан әнұранының авторы, ағарутшы, көрнеті қоғам қайраткері, Ахмед Джавадтың (Джавада Мухаммедали оглу Ахундзаде) туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды. 

«АЛЖИР» музейінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алды

«Азаттық ұраншысы» атты еске алу жиынына Халықаралық Түркі  академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшіcінің кеңесшісі Ровшан Казымов, Мемлекеттік тарих институтының директоры Еркін Әбіл, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Амантай Шәріп, «Алжир» мемориалды-мұражай кешені директоры Самат Тергембаев, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, әзербайжан диаспорасының өкілдері, сонымен қатар  ұйым басшылары, зиялы қауым өкілдері мен көрнекті ғалымдар қатысты.

«АЛЖИР» музейінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алды

Тағылымды іс-шараға қатысушылары қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етіп, арнайы «Еске алу қабырғасына» гүлшоқтарын қойды.

Бұдан кейін қатысушылар, музей экспозицияларарымен танысып, осы іс-шара аясында жасалған «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтеген әзербайжандықтар туралы тақырыптық көрмені тамашалады. Олардың қатарында А. Джавадтың  1938-1945 жыл аралығында Қазақстанға жер аударылған жары Ахунд-Заде Шукурия Сулейманқызына арналған экспозиция да бар. 

«АЛЖИР» музейінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алды

Жиында сөз сөйлеген Академия басшысы Д. Қыдырәлі А. Джавадтың  түркі әлеміндегі орны туралы баяндап берді. 

Бүгінгі іс-шараның «АЛЖИР» мемориалды кешенінде өтуінің символикалық мәні зор. Ахмед Джавад саналы ғұмырын әзербайжан халқының азаттығына арнаған әрі сол жолда қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткер тұлға. Оның аяулы жары Ахунд-Заде Шукурия Сулейманқызы да Қазақстанға жер аударылып, 1938-1945 жылдары «АЛЖИР» лагерінде жазықсыз 8 жыл отырған. А. Джавад тек әзербайжан халқының ғана емес, түркі әлеміне ортақ тұлға. Ол Ахмет Байтұрсынұлы, Мырза Фатали Ахундзаде, Гасан бек Зардаби, Мұстафа Шоқай, Ишеналы Арабаев сынды түркіге тұтқа болған тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол 26-28 жасында азаттық ұраншысы ретінде бауырлас Әзербайжанның мемлекеттік әнұранының сөздерін мәңгіге таңбалады. Оның өміршең шығармалары түркілік сана-сезімнің қалыптасуына зор ықпал етті. Осы кезеңде ол Әзербайжанның тәуелсіздігін ғана емес, сонымен бірге Анадолы мен Түркістан халықтары азаттығының жаршысына айналғаны жалынды жырларында көрініс тапты,   - деді. 

Сонымен қатар, қонақтар назарына көрнекті қайраткер А. Джавадтың өмірбаяны мен жары Ахунд-Заде Шукурия Сулейманқызының естелік сұхбаты туралы деректі фильм ұсынылды.

«АЛЖИР» музейінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алды

Жиын соңында қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап Құран бағышталды.

Айта кету керек, биыл Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев А. Джавадтың туғанына 130 жыл толуын атап өту жөнінде Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы да аталған мерейтойды 2022 жылдың айтулы даталары тізіміне  қосып, бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастыруда.

Өзгелердің жаңалығы