Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды

22 Қазан 2023, 20:40
669
Бөлісу:
Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шахматшы Алуа Нұрманова Доха қаласында өткен Qatar Masters Open бәсекесінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама ойыншысы 9 турдан кейін 4,5 балл жинады.

Осылайша ол Халықаралық спорт шеберінің 1-нормасын және әйелдер Гроссмейстерінің 2-нормасын орындады.

Үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Дивья Дешмух 5 ұпайдан алды. Қосымша көрсеткіш ойынша алғашқысы топ жарды.

Айта кетейік, Qatar Masters Open – әлемдегі ең беделді шахмат турнирінің бірі.

Мұнда ФИДЕ рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар ғана сынға түсе алады.

Биыл 44 елден 252-ден астам шаршы тақта шебері жиналды.

Оның ішінде 8 шахматшының рейтингі 2700-ден асқан, ал 60-тан астамы гроссмейстер атағын алғандар.

Турнирдің жүлде қоры 108 250 АҚШ доллары. Бас жүлде – 25 000 доллар.

Өзгелердің жаңалығы