Алтын Орда туралы қойылым сахналанды

18 Желтоқсан 2021, 15:31
2106
Бөлісу:
Алтын Орда туралы қойылым сахналанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық драма театрда «Айбыны асқан Алтын Орда» атты әдеби-театрландырылған композициялық қойылым сахналанды. Тарихи туында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған.

Жалпы аға буынның мемлекет қалыптастырудағы рөлі айрықша. Егемендіктің елең-алаңынан елдіктің іргелі істеріне араласып, қажыр-қайраттарын қуатты Қазақстан құру үшін сарп етті. 

Енді «Айбыны асқан Алтын Орда» көрінісіне келсек. Ұлы далада ұлық ұлыстар құрып, әлемдік өркениетке үлес қосқан Ұлы елдің мұрагері екенімізді сезіндірген ерекше қойылым болды. Өнердің құдыреттілігі де осында болса керек, – деді қойылымды тамашалаған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Алтын Орда туралы қойылым сахналанды

Сондай-ақ өңір басшысы түркі бабалар байрақ көтерген байтақ мекен, Жошы ұлысының ұйытқысы – Алтын орда бүгінде Алты Алаштың арқа тірер айбынына айналды деп жазды. Шетелдік және отандық белгілі ғалымдар төл тарихымызды түгендеп, барын бағалауға зор ықпал етті. Ұлт тарихын ұлықтауға жаңа серпін берді. Сарайшыққа қатысты да тың деректер айтылғаны белгілі.

Алтын Орда туралы қойылым сахналанды

 

Алтын Орда туралы қойылым сахналанды
Алтын Орда туралы қойылым сахналанды

Жайық бойындағы Сарайшық – көне қала орны ғана емес, Алтын орданың саяси-экономикалық орталығы болған қасиетті мекен. Алдағы мақсатымыз - Cарайшықты қалпына келтіріп, туризм орталығына айналдыру. Сапар орталығының құрылысы басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Тарихи терең Атырау өңірі – ежелден ел билеген хандардың, қол бастаған батырлар мен сөз бастаған би-шешен, ақындардың, құдыретті күйшілердің мәңгілік мекен тапқан жері. Ұлттық тарихты түгендеп, руханиятты жас буынға дәріптеу жұмыстарын арттырамыз, – деп отыр өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы