Алтайда жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі

8 Қазан 2020, 00:33
1628
Бөлісу:
Алтайда жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонысов баспасөз конференциясында айтты.

Алтайда жалпы тұрғын үй құрылысына, соның ішінде әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен қамтамасыз ету сынды мәселелерге көп көңіл бөлінгені байқалады. Мәселен биыл ауданда әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы 60 отбасы жаңа тұрғын үйге ие болған.

Сонымен қатар, биыл аудан орталығында 27 көпбалалы отбасы, Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінде 2 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады, - деді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.
 
Қазіргі уақытта Алтай ауданы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 1164 адам тұр, оның ішінде әлеуметтік осал топ өкілдерінің саны – 945 адам, көпбалалы отбасылар – 27.


Өзгелердің жаңалығы