Алтай Көлгінов ұстаздарды мейрамымен құттықтады

2 Қазан 2022, 14:40
911
Бөлісу:
Алтай Көлгінов ұстаздарды мейрамымен құттықтады

Қала әкімі Алтай Көлгінов ұстаздарды мерекесімен құттықтады,Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Педагогтерді кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!

Ұстаз еңбегін толығымен бағалау мүмкін емес. Педагогтер балаларымызды оқытып қана қоймай, олардың қарым-қабілеттері мен қасиеттерін ашуға, өмірде өз орындарын табуға көмектеседі. Мұғалімдер – болашақтың жасампаздары! Кез келген мұғалімнің артында қаламыз бен мемлекетіміздің білімді азаматтарының бірнеше буыны тұр.

Мемлекет басшысы сапалы білім беру мен педагогтерге еңбекте жайлы жағдайлардың жасалуына ерекше көңіл бөледі. «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданды, жыл сайын ұстаздардың жалақысы өсіп жатыр.Өз тарапымыздан мектеп инфрақұрылымын жақсарту мен мұғалімдерге жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Жылда білім мекемелерін салып, жоғары оқу орындарында тегін оқуға гранттарды бөліп жатырмыз. Тұрғын үй, басқа да мәселелерге көңіл бөлеміз.Педагогтерімізді шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамын!, - деп жазды қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы