Алтай Көлгінов Үлкен Талдыкөл мәселесі туралы айтты

29 Маусым 2022, 16:58
2317
Бөлісу:
Алтай Көлгінов Үлкен Талдыкөл мәселесі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. BaigeNews.kz сайтының «2022» бағдарламасының эфирінде Елорда әкімі Алтай Көлгінов Үлкен және кіші Талдыкөл көлдерінің жайы туралы айтты.

Әкімнің  сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын қала тұрғындары Үлкен Талдыкөлді жағымсыз иістің көзі болып отыр деп сынаған.

Судың көп бөлігі нөсерлі кәріздерден келген, ол жақтан жағымсыз иіс шыққан. Қазіргі таңда канализациялық  тазарту құрылыстары салынды, қазір бұл су Талдыкөлге емес, өзенге ағып жатыр. Көлдегі су көлемі сегіз есе  азайды.Сондықтан судың бір бөлігін қалдыруды жөн көрдік, әйтпесе су қоймасы болашақта кеуіп қалады, - деді әкім.

Көлгіновтің айтуынша Кіші Талдыкөл суының негізгі бөлігі жер астында болған. Сол жағалаудағы құрылыс жұмыстары жүргізілгенен кейін, су көздері бітелген.

Қазір біздің нөсер суларымыз қайтадан ағып жатқанын көріп отырмыз – бұл сумен қамтамасыз етудің жалғыз көзі деп білемін. Біздің ұстанымымыз: эко-парк. Жасыл орамға қарама-қарсы орналасқан аудан тұрғындарына қажет, бұл дұрыс. Ал бұл жерде 20 гектардай жасыл желектер отырғызылады. Қазір айнала үйлер салынып жатыр, әлеуметтік нысандар да болады, - деп түйіндеді сөзін Көлгінов. 

Өзгелердің жаңалығы