Алтай Көлгінов: Сапасыз салынған жолдарды қабылдамаймыз

2 Мамыр 2020, 04:35
1699
Бөлісу:
Алтай Көлгінов: Сапасыз салынған жолдарды қабылдамаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жолдардың құрылысын тексерді. Қала басшысы сапасыз жолдарды қабылдамайтындарын ескертті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда жол жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар жолдардың құрылысы барысымен танысты. Е355, Е32, Е489, Е312 көшелерінде төрт жолақты жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда желекжол абаттандырылады.

елорда 3.jpeg


Сонымен бірге елорда әкімі №27 көшедегі (Ш. Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде) жол жұмыстарымен танысты.

 Қала әкімі Алтай Көлгінов жол жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу қажеттігін айтты.

 Біз сапасыз салынған жолдарды қабылдамаймыз, мердігер өз есебінен қайта жөндейтін болады, - деді.

Елорданың 50 магистральды көшелеріндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биылдың өзінде көлік ағынын жеңілдетуге және жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі. Қаланың елді мекендерінде жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын 100 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.

Жол құрылысына "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 1,5 мың адам жұмылдырылады. Барлығы 15 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Азаматтар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.



Өзгелердің жаңалығы