Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов газ тарату желілерінің құрылысы туралы айтты. Қазіргі уақытта тұрғын алаптарға газ жеткізу құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде.
Газ құбырының құрылысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды. Елорданы газдандыру 3 кезең бойынша жүзеге асырылады.
Газдандыру - бұл қала мен жалпы ел үшін стратегиялық маңызды жоба. Қаланы қазірдің өзінде түтін басқаны байқалады, ол қоршаған ортаға және тұрғындарға зиян келтіретіні анық. Газдандыру қатты заттар 40 мың тоннаға, зиянды шығарындыларды 6 есеге азайтады. Келесі жылыту маусымында ЖЭО-1,2, Көктал-1,2, Агргородок, Промышленный, Железнодорожный, Оңтүстік-шығыс тұрғын Алаптарындағы үйлер газбен жылытылады деп жоспарлап отырмыз, - деді Алтай Көлгінов.
Екінші кезеңде газ Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1,2-ІҚК), Тельман (3-ІҚК), Пригородный, Garden Village және Family Village (4-ІҚК) тұрғын алаптарына жеткізіледі.
Үшінші кезең Үркер (1-2-ІҚК), Шұбар (3-ІҚК), Өндіріс (4-ІҚК) тұрғын алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жж. Жобалаушылардың айтуынша, газ тарату желілері көшелер арқылы үй қоршауларына дейін тартылады, қоршаудан үйге дейін газға жеке тұрғындардың өздері қосылатын болады.
Әкімдік тұрғындарға есептегіш құралдарды тегін береді.