Алматының Жетісу ауданында көпбалалы жүздеген отбасы мемлекеттен көмек алады

4 Тамыз 2021, 12:23
4786
Бөлісу:
Алматының Жетісу ауданында көпбалалы жүздеген отбасы мемлекеттен көмек алады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік жобалардың арқасында Алматының Жетісу ауданындағы көпбалалы және аз қамтылған жүздеген отбасы ай сайын көмек алады. 

Бұл туралы аудан әкімі Гүлнар Көкебаева онлайн брифингте айтты. 

Көкебаеваның айтуынша, 2021 жылы 534 отбасы 123 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алған. Аудан әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы – Жетісу» әлеуметтік орталықтарында 1420 адам есепте тұратынын айтты. 

Орталық арқылы 111 бала «Балдәурен» және «Алау» шипажайларына санаторлық-курорттық емделуге жіберілді. Жыл басынан бері орталықта 152 ана тегін курстан өтті. «Бақытты отбасы – Жетісу» орталықтарында қолөнер, киім пішу және тігу, макияж, шаштараз, аспаздық, маникюр мен педикюр, кірпік ұзартуды үйренуге болады, - дейді ол. 
Сондай-ақ ол биыл «Халық» қоғамдық қорының қолдауымен кәсіпкерлер есебінен 922 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілгенін айтты. 
Аз қамтылған отбасы балаларына да жан-жақты қолдау көрсетіледі. Мысалы, әлеуметтік жобалар аясында 300-ден астам бала мен жасөспірім «Құлагер», «Көкмайса», «Көкжиек», «Айнабұлақ» шағын аудандарындағы «Жекпе-жек» орталықтарындағы секцияларға тегін қатысуға мүмкіндік алды. «Көкжиек», «Рабочий поселок» және «Айнабұлақ-4» шағын аудандарынан келген 350-ден астам бала тегін футбол ойнайды, - дейді Көкебаева.
Өзгелердің жаңалығы