Алматының студенттер альянсы жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакциналануға шақырады

16 Қараша 2021, 20:20
1252
Бөлісу:
Алматының студенттер альянсы жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакциналануға шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы жастар бірлестіктерінің көшбасшылары жасөспірімдерге коронавирустық инфекциядан тезірек екпе алуды ұсынды.

Коронавирустың «дельта» нұсқасы өте қауіпті екені құпия емес. Оның айналымын ескере отырып, мен жасөспірімдерді вакциналауды бастауға барлық негіздерді көріп отырмын, оның үстіне бізде Pfizer сияқты қорғану құралы бар, - дейді «Алматының студенттер альянсы» корпоративтік қорының басшысы Жасұлан Қуандық.

Студенттер альянсының жетекшісі елімізде коронавирусқа қарсы иммундау қол жетімді және ақысыз екенін, сондықтан ересектер келіп, вакцинациядан өтіп, балаларды аурудан қорғауы керек екенін атап өтті.

Алматының студенттер альянсы жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакциналануға шақырады

Ж. Қуандық коронавирус бүкіл әлемде үйреншікті өмір салтын бұзғанын, оқушылар мен студенттердің бір жарым жыл бойы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі болмағанын атап өтті. Ол вакциналанбаған қатты ауырған достарын жұқтыру оқиғалары туралы айтты. Сонымен қатар, оның айналасында көптеген вакциналанғандар да бар. Жасұланның өзі қытайлық Vero Cell вакцинасымен егілді, содан кейін ол жанама әсерлерді сезінбеді.

Студенттер альянсы жетекшісінің мәліметі бойынша Алматыда 18 жасқа толмаған 180 мыңға жуық студент бар. Олардың әрқайсысымен еріктілер вакцинация мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жастар көшбасшысының пікіріне Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жобаларының әкімгері Мәдина Иманғожанова қосылды. Оның пікірінше, ата-аналар вакцинациядан кейінгі асқынулардан қорықпауы керек, жасөспірімдер Pfizer вакцинациясын жеңіл қабылдайды, ал коронавирустың асқыну қаупі бірнеше есе жоғары.

Алматының студенттер альянсы жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакциналануға шақырады

Мегаполистің Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 1 ақпаннан 15 қарашаға дейінгі аралықта бірінші компонентпен 1 011 781, екінші компонентпен – 951 261 алматылық егілді. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 121 595 адамды құрайды.

Өткен жұмадан бастап Pfizer препаратымен 160 жүкті әйел, 552 бала емізетін әйел және 1130 жасөспірім егілді.

Өзгелердің жаңалығы