Алматының полиорталықтарында 17 медициналық мекеме салынады

12 Қыркүйек 2022, 18:00
682
Бөлісу:
Алматының полиорталықтарында 17 медициналық мекеме салынады

Емханалар мен амбулаториялар жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер мен кешендерде бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Соның арқасында медициналық қызметтер жаңа аудандардың 120 мыңнан астам тұрғынына қолжетімді болады. 

Бұл «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында» жазылған. 

2025 жылдың соңына дейін бюджет есебінен Наурызбай, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарында 170-190 мың тұрғынға қызмет көрсететін 17 отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар мен толыққанды емханалар салынады. 

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін бюджет есебінен 10 мың орынға арналған балабақшалар тұрғызылады. Құрылыс салушылармен жасалған меморандумдарға сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін 10 мың орынға арналған балабақша құрылысы қарастырылған. 

2030 жылға қарай тағы 5 мың орындық балабақша салынады.

Өзгелердің жаңалығы