Алматының Медеу ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады

8 Тамыз 2023, 06:34
694
Бөлісу:
Алматының Медеу ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады
Фото: Артём Чурсинов

Алматы қаласы Медеу ауданының кейбір аумақтары суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.

Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы