Алматының Медеу ауданында көлік қозғалысы шектеледі

13 Шілде 2022, 15:45
1282
Бөлісу:
Алматының Медеу ауданында көлік қозғалысы шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і жылу құбырларын қайта құрылымдау жұмыстарына байланысты Медеу ауданында кейбір көше жабылатынын мәлімдеді.

Алматының Медеу ауданында көлік қозғалысы жабылады:

-15 шілде сағат 22.00-ден 16 шілде сағат 06.00-ге дейін Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында;
-16 шілде сағат 22.00-ден 17 шілде сағат 06.00-ге дейін Бөгенбай батыр және Пушкин көшелерінің қиылысында.

Аталған көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыржолдар учаскелерінде жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы