Алматының коммуналдық паркі газбен жүретін жаңа 37 автобус алды

17 Наурыз 2021, 20:50
1840
Бөлісу:
Алматының коммуналдық паркі газбен жүретін жаңа 37 автобус алды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес  коммуналды және қоғамдық көлік жоспарлы түрде экологиялық таза отындарға көшуде. Басты мақсат – қаланың экологиясын жақсарту және жолаушыларды тасымалдаудың сапасын арттыру.

Әкімдіктің мәліметінше, жаңа автобустар партиясының бір бөлігін тұрғындар жаңартуды және күшейтуді өтінген. 34 бағыт бойынша жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі күні автобустар техникалық байқаудан өтіп, құжаттары рәсімделуде. Оларды 2021 жылы 20 наурызында іске қосу жоспарлануда. Жаңа ұзындығы 12 метр болатын жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 адамдық, үш есігі бар, оның біреуінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін платформасы бар. Автобустар автоматты бейнебақылау жүйелерімен, жолаушылар санын есептейтін және жүргізушілердің шаршағанын бақылайтын датчиктермен жабдықталған,-делінген хабаралмада.

Еске салсақ, жаңадан қослыған көліктерді есептегенде қала бағыттарында газбен жүретін 389 автобус қызмет көрсететін болады.

Өзгелердің жаңалығы