Алматының кіреберісіне бекеттер қойылады

27 Шілде 2020, 18:42
3165
Бөлісу:
Алматының кіреберісіне бекеттер қойылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 27 шілдеден бастап қала аумағына құрбандыққа шалынатын жануарларды алып келуді болдырмау мақсатында бекеттер қойылады. Мұндай тапсырма Алматы қаласы бас санитарының жаңа қаулысына сәйкес іске аспақ.

27 шілдеден 2 тамыз аралығында Алматы қаласының полиция департаментіне, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына Алматы қаласының кіреберістерінде, құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына жануарларды алып келуді болдырмау және алдын алу бойынша бекеттер ұйымдастыру. Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту жүктелсін, - делінген қаулыда.

Бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қауіпті індеттің таралуын болдырмас үшін Құрбан айт рәсімдерін болдырмау жөніндегі қаулы шығарғанын хабарлағанбыз.

Аталған қаулыда меншік нысанына қарамастан барлық ұйымда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге, Алматы қаласының аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынғаны айтылған. 

Одан бөлек  31 шілдеден 2 тамыз аралығында Алматы қаласының орталық мешітімен белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысын тоқтату қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы