Алматының өңдеу өнеркәсібі 20% өсім көрсетті. Биылғы алғашқы 6 айда Алматы қаласында өңдеу өнеркәсібі саласында өндірілген өнімнің жалпы құны 979,4 миллиард теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштің бестен бір бөлігіне көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның (өңдеу өнеркәсібі саласы) өсімі индустриялық аймақтың кеңеюімен, арнайы экономикалық аймақтың дамуымен және жаңа өнеркәсіптік парктердің құрылуымен тікелей байланысты, - деді Берік Солтанбаев.
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қазіргі уақытта Алматының индустриялық аймағын дамытуға басымдық берілгенін де айтты. Оның аумағында қазірдің өзінде 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан 381,4 миллиард теңгеге тең 87 жоба іске асырылып жатыр.
Алматыдағы креативті индустрияға венчурлық қор серпін береді
Ол креативті индустрия әлемдік экономикадағы басым саланың бірі екенін атады. Оның әлеуетін ескере отырып, мегаполис аясында осы саланы тиімді әрі сапалы дамытудың оң шешімі табылды.
Былтыр Мемлекет басшысы қала халқымен кездесу барысында бастапқы капиталы 10 миллиард теңгеге болатын креативті индустрияның қалалық венчурлық қорын құру жөніндегі бастаманы қолдады, оның 5 миллиарды жергілікті бюджеттен бөлінді, қалған 5 миллиарды жеке инвестициялар есебінен тартылды, - деді Берік Солтанбаев.
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қор АХҚО-да қазан айында тіркелген соң оны іске қосудың жоспарланып отырғанын жеткізді.
Ол 2023 жылдың наурыз айынан бастап мегаполисте инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін құрылым бар екенін хабарлады. «Almaty Business Development Company» «Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы» ЖШС-де қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады.
Компания консультация беру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу және әкімшілік кедергілерді азайту арқылы инвесторларға жан-жақты қолдауды уақытылы көрсетуге бағытталған, - деді Берік Солтанбаев.
Тиісті басқарма басшысы 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестиция 604,4 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қала экономикасының басым бөлігі, бұл 57,5% шағын және орта бизнесті қалыптастырады. Оған экономикалық белсенді халықтың 83% - ы жұмылдырылған.
Берік Солтанбаев хабарлағандай, қалада барлығы 380 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 22% - ға жоғары (312 784 бірлік). Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 323 мыңды құрайды, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% - ға жоғары (233 030 бірлік). Айта кетсек, еліміз бойынша бұл көрсеткіште мегаполис бірінші орынды алып тұр.
Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін ел бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылды, - дейді Солтанбаев.
Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін ел бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары қолданылады, - деді ол.
Кәсіпкерлікті қолдау аясында қала келесі шараларды ұсынады:
- жеңілдікпен несиелеу (6% - дан 500 млн. теңгеге дейін кепіл, 12% - дан 6 млн. теңгеге дейін кепілсіз);
- қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме 8%);
- инновациялық бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру;
- қарызға кепілдік беру (85% дейін);
- инвестициялық жобалар үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу;
- факторингтік мәмілелерді қаржыландыру (8,5% - дан 100 млн. теңгеге дейін);
-бизнес-идеялардың пайда болуынан бастап қаржыландыруға дейін консультациялық қызметтер көрсету;
- резиденттері салық және кедендік төлемдерден босату түріндегі преференциялармен қамтамасыз етілетін индустриялық және арнайы экономикалық аймақтың аумақтарында жер учаскелерін беру;
- ШОК субъектілері үшін қолжетімді өндірістік алаңдарды ұсыну (шағын өнеркәсіптік парктерде);
- демалыс күндері жәрмеңкелерде сауда орындарын жеңілдікпен жалға беру.
Осы мемлекеттік қолдау шаралары үшін 2023 жылы 48,5 миллиардтеңге бөлінді, бүгінгі таңда жалпы несие сомасы 84,9 миллиард теңгеге 1 119 жоба қаржыландырылды.