Алматының бірқатар шағын ауданында суық су болмайды

6 Маусым 2022, 10:57
1344
Бөлісу:
Алматының бірқатар шағын ауданында суық су болмайды

Алматы, BAQ.KZ. «Алматы су» МКК-сы қаладағысының бірқатар шағын аудан бір күнге суық судан ажыратылатынын мәлімдеді.

8 маусымда түнгі сағат түнгі 01:00-ден сағат 22:00-ге дейін Ақсай-4, Ақсай-5, Достық, Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7 шағын аудандарының аумақтарында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. Алматы қаласы Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер енгізіледі,-делінген хабарламада.

Аталған мекеме уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Анықтама телефоны: 274-66-66.
 

Өзгелердің жаңалығы