Алматының бірнеше ауданында суық су өшіріледі

8 Қазан 2023, 06:29
653
Бөлісу:
Алматының бірнеше ауданында суық су өшіріледі
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұқтырма және Құлжа тас жолы көшелерінің қиылысында жолайырықтың салынуына байланысты қаланың бірнеше тұрғын алабында суық су уақытша өшіріледі. Кей ауданда су қысымы төмендейді. 

Себеп - құрылыс алаңынан су құбырларын тарту. Құрылыс алаңының астынан су құбырларын тарту жұмыстары үш кезеңде жүргізіліп жатып. Бірінші кезең 9 қазанда басталып, 10 қазанға дейін жалғасады. Екінші кезең 10-13 қазан аралығында, ал үшінші кезең 16-17 қазан аралығында жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы