Алматының айналасындағы көлдер су тасқыны қаупіне тексерілді

15 Ақпан 2025, 20:31
369
Бөлісу:
Алматының айналасындағы көлдер су тасқыны қаупіне тексерілді
Фото: ТЖД

ТЖД мен "Қазселденқорғау" тікұшақтан мореналық көлдерге зерттеу жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД "Қазселденқорғау" мекемесімен бірлесіп Үлкен Алматы өзені бассейнінен Іле Алатауы жотасының орталық бөлігіндегі Түрген өзені бассейніне дейінгі мореналық-мұздық көлдерге, биік таулы мореналық көлдерге, сел ойпаттары мен ошақтарға, көшкін-қауіпті учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізді.

Мамандар көктемгі қар еріген кезеңде қала халқы мен инфрақұрылымына төнетін қауіптердің алдын алу үшін су айдындарының жағдайын бағалады.

Аэровизуалды ұшу нәтижелері бойынша барлық мореналық көлдер қысқы режимде, минималды белгілердегі стационарлық көлдер, стационарлық емес көлдер іс жүзінде бос екендігі анықталды.

Өзгелердің жаңалығы