Алматының Әуезов ауданы салықтан ел бюджетіне 27,6 млрд теңге құйған

22 Сәуір 2021, 14:31
2534
Бөлісу:
Алматының Әуезов ауданы салықтан ел бюджетіне 27,6 млрд теңге құйған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың І тоқсанында Әуезов ауданы бойынша бюджетке түскен салық түсімдерінің үлесі 27,6 млрд теңгені құрады, болжам 107,5% орындалды. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов онлайн брифинг кезінде айтты.


Әкім ауданның І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

2021 жылдың басынан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындармен 35,1 млрд теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне 111,6% құрады. Жыл басынан бері аудан бойынша негізгі капиталға 7,2 млрд теңге инвестиция игеріліп, ол 106,7% құрады,-деді аудан әкімі.

Оның айтуынаша, бөлшек тауар айналымының көлемі 121,3 млрд теңгені құраған, ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 94,2% көлемінде. 2021 жылғы қаңтар-наурызда көтерме тауар айналымының көлемі 92,5 млрд теңгені құрапты.

Өзгелердің жаңалығы