Тексеру барысында ғимараттың техникалық беріктігін бұзу деректері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сңлтеме жасап.
“Дәрмек – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Алматының ашытқы зауытында прекурсорларды сақтау қоймасын тексеру барысында ғимараттың техникалық беріктігін бұзу деректері анықталды.
Лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталды.
Айыппұл соммасы 150 мың АЕК құрады. Сонымен қатар қабылданған шаралар 61 тоннадан астам күкірт қышқылының айналымына шектеу қойды.