Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының Алмалы ауданында 66 аулада жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов онлайн брифингте айтты.
Аудан басшысы аула аумақтарын абаттандыру ғана емес, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдайды жақсарту маңызды екенін атап өтті.
Қазір ауданда 1 395 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның үстіне «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 37 үйде 102 лифт жабдығы жаңартылды. Шевченко көшесіндегі тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, бес көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылып, ғимараттардың қасбеті өзгертілуде, - деді аудан әкімі.
Оның айтуынша, биыл жоспарланған жөндеу жұмыстарының ішінде 12 көпқабатты 10 үйдің қасбеттері жөнделген, қалған екі үйдің жөндеу жұмысы осы айда аяқталады. Сондай-ақ әкім 66 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын және ол осы күзде аяқталатынын жеткізді.