Алматының Алатау ауданында үйлердің 75%-ы орталық сумен қамтамасыз етілді

5 Қараша 2021, 15:01
806
Бөлісу:
Алматының Алатау ауданында үйлердің 75%-ы орталық сумен қамтамасыз етілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жаңа Алматыны» дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспарын талқылау жиынында айтылды.

Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасыновтың мәліметінше, 2024 жылға қарай ауданда инженерлік желілер мәселесі толығымен шешіледі. Қазіргі уақытта Алатау ауданындағы 28 655 тұрғын үй бар, олардың 75%-ы орталық сумен және 25 364 үй немесе 67% су бұрумен қамтамасыз етілген.

2019-2020 жылдары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша инженерлік желілердің құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Шаңырақ-1, Алғабас, Әйгерім-1,2, Ұлжан-1, Қарасу, Шапағат, Боралдай шағын аудандарында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Теректі, Рахат-Мәдениет шағын аудандарында желілер құрылысына ЖСҚ әзірленді. Боралдай және Шапағат шағынаудандарының үйлеріне дейін жеткізумен тарату желілерінің құрылысына жобаларды әзірлеу басталды, – деді Тоқтасынов.

Саялы, Болашақ, Алғабас, Көк-Қайнар, Шаңырақ-5 және Ақбұлақ шағын аудандарында инженерлік желілер құрылысына ЖСҚ қосымша әзірлеу қажет. Бүгінде ауданда 18 кәріздік сорғы станциясының құрылысы аяқталуға жақын.

Ә. Тоқтасыновтың мәліметінше, барлық жобалар сәтті жүзеге асқан жағдайда 2024 жылға қарай инженерлік желілермен проблемалар 100 пайызға шешіледі.

Алатау ауданы әкімінің орынбасары өткен жылы «АЖК» инвестициялық бағдарламасы бойынша 10 шағын ауданда электр желілерін қайта құру жүргізілгенін хабарлады. Биыл тағы 13 шағын аудандағы желілер жөнделеді. Қазіргі уақытта Алғабас, Теректі шағын аудандарында және ішінара Шаңырақ-5, Әйгерім-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандарында электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Жол желісін дамыту маңызды болып табылады. Ә. Тоқтасыновтың айтуынша, жолдардың сапасы мен қала тұрғындарының мобилділігін арттыру – «Жаңа Алматы» ДКЖ басым бағыттарының бірі.

2019 және 2020 жылдары Алатау ауданының 13 шағын ауданында жаңа жолдар салынды, олардың жалпы ұзындығы 119 км. Шаңырақ-2, АЗТМ-Алғабас, Томирис, Ұлжан-1,2, Көк-Қайнар, Қарасу және Өжет шағын аудандарында ұзындығы 76 км 101 көше орташа жөнделді», - деді аудан әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы