Алматының 100-ге жуық көшесіне инженерлік желілер тартылып жатыр

22 Қараша 2023, 12:49
545
Бөлісу:
Алматының 100-ге жуық көшесіне инженерлік желілер тартылып жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының Жетісу ауданында 10 жер асты және 5 жер үсті өткелдері жөнделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева ӨКҚ брифингінде мәлімдеді.

Алматының 100-ге жуық көшесіне инженерлік желілер тартылып жатыр

Қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы ұзындығы 21,4 шақырым 17 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізді. Сонымен қатар ұзындығы 6,7 шақырым 11 мекенжайда тротуарлар салынып, жөнделді. Биыл ұзындығы 15 шақырым 23 көшеде, 2024 жылы ұзындығы 67,5 шақырым 35 көшеде көлем қалдығын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы жылы ұзындығы 15 шақырым 23 көшеде, 2024 жылы ұзындығы 67,5 шақырым 35 көшеде көлем қалдығын аяқтау жоспарлануда.

Биыл 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жөндеу жүргізілді. Тротуарлар мен тактильді плиталар ішінара ауыстырылды, төбелерге софиттер, вандалға қарсы жарықтандыру құрылғылары, музыкалық жабдықтар және бейнебақылау жүйесі орнатылды. Сондай-ақ әкімдік Солтүстік айналымдағы 5 жер үсті өткеліне жөндеу жүргізді. Металл конструкцияларын сырлау, бейнебақылау камераларын орнату және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, - деді Көкебаева.

Алматының 100-ге жуық көшесіне инженерлік желілер тартылып жатыр

Сондай-ақ оның айтуынша, ағымдағы жылы кейбір функция аудандық әкімдіктерге берілгеннен кейін ұзындығы 150 шақырым 95 көшеде инженерлік желілер салу бойынша жобалар іске асырылуда.

 

Өзгелердің жаңалығы