Алматының орталық көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

15 Сәуір 2019, 10:19
2110
Бөлісу:
Алматының орталық көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Монтаждық-құрылыс жұмыстары екі аптаға жалғасады. Бұл туралы "Grey Cardinals" баспасөз қызметі хабарлады.

Жылу магистралін қайта жаңарту аясында 15 мен 30 сәуір аралығында Байзақов көшесінің Бөгенбай батыр мен Төле биге дейінге жолы уақытша жабылады. 

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Зи-Дан» ЖШС жүргізеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін компания қала тұрғындарына уақытша қолайсыздыққа қатысты түсіністікпен қарауды сұрайды.

 

Өзгелердің жаңалығы