Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді

6 Наурыз 2024, 05:15
7156
Бөлісу:
Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді
Фото: pixabay.com

Алматыда 6 наурызда шамамен сағат 05:11-де тағы да жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісінің мамандары жер сілкінісін Алматы уақытымен 6 наурызда 05 сағат 09 минут 58 секундта тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырымда Қытай аумағында (афтершок) орналасқаны белгілі болды.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 12.6.
  • MPV магнитудасы - 5.4.
  • Эпиошақ координатасы 41.22° с.е. 78.73° ш.б.
  • Тереңдігі: 10 км.
  • Алматыда сезілуі туралы дерек (МSК-64 шкаласы бойынша):2 балл.

Еске салайық, бұған дейін 4 наурызда сағат 12:54-те 2 балды құраған афтершок орын алған еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырымда, Қытай аумағында орналасқан.

Сондай-ақ 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінен кейін мегаполисте бірден дабыл сигналдары қосылды.

Өзгелердің жаңалығы